«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі
1 сентября, 2023Пресс релиз «ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ»: БІРІНШІ КЕЗЕҢНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҚТЫ
6 сентября, 2023Е. Қошанов: «Ұлы дала жорығы» – бұл ұлттың рухын көтеретін ел тарихындағы аламан бәйге.
Құрметті БАҚ пен қоғам өкілдері!
Қазақстанның кең даласында Астана-Түркістан бағыты бойынша өтетін «Ұлы дала жорығы» бірегей марафон-бәйгесінің екінші маусымын ұсынамыз. Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің түрлі өңірлерінің өкілдерін біріктіретін аталмыш жоба спорт әлеміндегі ерекше оқиға болмақ.
Маусым 6 қыркүйекте сағат 14:00-де Қаражар (Ильинка) ауылында бастау алады. Ал 5 қыркүйекте елордадағы «Қазанат» ипподромында 17.00-де республикалық ұлттық спорт түрлерінің фестивалі аясында қатысушылар мен қонақтар үшін арнайы дайындалған Жорықтың тұсаукесері (презентация) өтті.
Шарада барысында сөз алған Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов: «Бүгін «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесі басталғалы жатыр. Дүбірлі сайыс қасиетті Түркістан қаласында мәресіне жетеді. «Ұлы дала жорығы» – бұл ұлттың рухын көтеретін ел тарихындағы аламан бәйге. Марафон-бәйгенің біз үшін маңызы зор», дей келе жұртшылықты марафон-бәйгенің басталуымен құттықтап, шабандоздарға сәттілік тіледі.
Бүгін мандаттық комиссияның отырысы өтіп, төрешілер қатысушы командалардың құжаттарын қабылдады. Сондай-ақ, ветеринар мамандар аттардың жағдайын тексерді. Командалар жорыққа толығымен дайын.
Жол қашықтығы 1300 шақырымды құрайды және бағыт Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Түркістан облыстарын қамтиды. Марафон 19 қыркүйекте Түркістанда аяқталады.
Марафонның форматы: Марафон 14 кезеңге (бірінші және соңғы күні 50 шақырымға; қалған күндері 100 шақырымға) бөлінген.
Қатысушылар: Жобаға еліміздің әр өңірінен бір командадан қатысады, барлығы - 20 команда, оның ішінде 5 шабандоз бен 10 тұлпар бар.
Жүлде қоры: Марафонның жалпы жүлде қоры демеушілер есебінен, 65 млн теңгені құрайды. Жеңімпаз команда 30 млн теңге, екінші орын 20 млн теңге, ал қола жүлдегерлерге 15 млн теңге табысталады.
Марафон жұмысына 2 халықаралық және 2 қазақстандық судья, сондай-ақ 2 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қатысады.
Қолдау көрсетушілер: «Ұлы дала жорығы» жобасын республикалық «JORYQ» ат спорты федерациясы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің, «Аманат» партиясының, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен жүзеге асырып отыр. Жобаның басты серіктесі - Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры. Ақпараттық серіктес - «Қазақстан» РТРК.
Қосымша ақпарат марафонның www.joryq.kz ресми сайтында орналасқан.
БАҚ-пен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл мәселелері бойынша + 7 777-214-01-71 нөмірі бойынша Рауан Есқалимен хабарласуларыңызды сұраймыз.
Құрметпен, «Ұлы дала жорығы» марафонының
ұйымдастыру комитеті