«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ-2024»: ҮШІНШІ КҮННІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
25 августа, 2024Б.ТҰРЛЫБЕКОВ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ – АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
27 августа, 2024«Жетісу» командасы «Ұлы дала жорығының» үшінші маусымында жеңімпаз атанды.
Астанада «AMANAT» партиясының қолдауымен көрнекті геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлы дала жорығы» кең ауқымды республикалық марафон-бәйгесінің үшінші маусымы өз мәресіне жетті. Жарысты «AMANAT» партиясының қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы және оның құрамына кіретін «JORYQ» ат спорты федерациясы ұйымдастырды.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, марафон-бәйгенің тең ұйымдастырушысы Әлібек Әлденей, «JORYQ» ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков, Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Аманжол Әлтай және Қазыбек Әлішев қатысты.
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек соңғы уақытта қоғамның ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылығы арта түскенін атап өтті.
«Өздеріңізге мәлім, «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгеcін Мемлекет басшысы назарында ұстап, үнемі қолдау көрсетіп келеді. Күні кеше «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары көтерген Қазақ жылқыларының тұқымын сақтау және молайту туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Осы арқылы мемлекет асыл тұқымды жылқыларымызды қорғау үшін бар жағдайды жасайтын болады», – деді ол.
Сонымен, бес күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша мәре сызығын бірінші болып Жетісу облысының командасы кесіп өтті, жалпы уақыты 32 сағат 40 минут 18 секундты құрады. Екінші орын Маңғыстау облысының шабандоздарына (33 сағат 05 мин. 30 сек.), үшінші орын Алматы қаласының командасына (33 сағат 31 мин. 08 сек.) бұйырды. Төртінші орынды Жамбыл облысының құрамасы (34 сағат 22 мин. 03 сек.), бесінші орынды Астана қаласының командасы (37 сағат 10 мин. 32 сек) иеленді.