ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ-2024»: БІРІНШІ КҮННІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
4 сентября, 2024ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ-2024»: ТӨРТ КҮННІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
6 сентября, 2024ЕКІНШІ КЕЗЕҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ «КӨКМОЙНАҚ» КОМАНДАСЫ
4 қыркүйек Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7:00-де 17 команда Ақмола облысының Лесное ауылы маңынан жорықты бастап, Ақмола облысының аумағындағы Атбасар елді мекенінің жанында аяқтады.
Жалпы жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысы және Астана қаласын қамтиды. Марафон 7 қыркүйекте Астанада аяқталады.
Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің 200 шақырымын бағындырды. Ертең командалар үшінші кезеңді бастайды, Атбасар маңынан басталатын жорық Жалтыр ауылының маңына барып тоқтайды.
Екінші кезең қорытындысы бойынша, «Көкмойнақ» командасы жеңімпаз атанды. РФ Қабирдин-Балқар командасы мәре сызығына екінші болып жетсе, үздік үштікті қазақстандық Алматы қаласының командасы түйіндеді.
200 км. Қорытындысы
№ | КОМАНДА | ЖАЛПЫ УАҚЫТЫ |
1. | Қырғыз Республикасы. | 10:32:07
|
2. | Қазақстан Республикасы. Алматы қаласы. | 10:44:29
|
3. | Қазақстан Республикасы. Маңғыстау облысы. | 10:46:02
|
4. | Қазақстан Республикасы. Жамбыл облысы. | 10:57:49
|
5. | Қазақстан Республикасы. Қостанай облысы. | 11:04:41
|
6. | Ресей Федерациясы. Қабардин-Балқар Республикасы. | 11:07:55
|
7. | Қазақстан Республикасы. Жетісу облысы. | 11:15:24
|
8. | Ресей Федерациясы. Қарашай-Шеркеш Республикасы. | 11:19:36
|
9. | Қазақстан Республикасы. Шығыс Қазақстан облысы. | 11:31:21
|
10. | Қазақстан Республикасы. Ақтөбе облысы. | 11:40:23
|
11. | Қазақстан Республикасы. Маңғыстау облысы, «СУЫН» қыздар командасы. | 12:00:15
|
12. | Мажарстан | 12:54:15
|
13. | Қазақстан Республикасы. Ақмола облысы «ТОМИРИС» қыздар командасы. | 15:10:29
|
14. | Оңтүстік Африка Республикасы. | 16:34:40
|
15. | Ресей Федерациясы. Татарстан Республикасы. | 17:33:13
|
16. | Иран Ислам Республикасы | 17:21:48
|
17. | Түркия Республикасы | Жарыстан шығып қалды
|
Сараптамалық қорытынды: Марафон жұмысына 2 халықаралық және 5 қазақстандық судья, сондай-ақ 4 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қатысып, жоғары стандарттарды сақтау мен жылқылардың денсаулығына қамқорлық жасауға кепілдік береді.
Жоба ұйымдастырушысы: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы және Республикалық «JORYQ» ат спорт федерациясы.
Қолдау көрсетушілер: «Аманат» партиясы, Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігі, Sport Qory, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары мен Астана қаласының әкімдігі.
Ақпараттық серіктестер: «Хабар», «Қазақстан», Астана телеарналары, «NurMedia» және «Halyq Uni Media» ресурстары.
«Ұлы Дала Жорығы» – жылқы баласының ең мықты әрі төзімді тұқымы анықталатын далалық лабораториясы.
Марафон жаңалықтарын www.joryq.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілерде бақылаңыз: fb — JORYQ, Instagram — joryqofficial, Tik-Tok — JORYQ, youtube — JORYQ.
БАҚ-пен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл мәселелері бойынша + 7 778 854 54 05 нөмірі бойынша Сәкен Сейітханұлына хабарласуларыңызды сұраймыз.
Құрметпен, «Ұлы дала жорығының» ұйымдастыру комитеті
ФОТОЛАРДЫ ОСЫ СІЛТЕМЕ АРҚЫЛЫ ЖҮКТЕП АЛУҒА БОЛАДЫ