«Ұлы дала жорығы»: Маңғыстау облысының командасы жорықты капитансыз жалғастырады
12 августа, 2024«Ұлы дала жорығы» – қазанат пен азаматтың ерлігін көрсететін жер
14 августа, 2024Бүгін 17 қыркүйекте «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің 12-кезеңі Қызылорда облысындағы Шиелі ауданында өтіп жатыр. Таңғы сағат 7.00-ден 8 команда кезекті 100 шақырымды бағындыруға аттанды. Бірақ, Маңғыстау облысының командасы аттарының шаршап қалуына байланысты старт сызығына келмеді.
Бұған дейін, 11-кезеңде Маңғыстау облысы командасының капитаны жарыстан шығып қалып, «Көкмойнақта» 3 ат қалғанын хабарлаған едік. 11-кезең бойы үздік болып келген маңғыстаулықтар тәуекелге бармай, аттарын зорықтырмай, келесі жылғы марафон-бәйгеге тыңғылықты дайындауды жөн санағанын жеткізді.
11 кезеңнің нәтижесі бойынша, «Көкмойнақ» командасы қалған 18 команданы шаңына да ілестірмей келген еді. 1050 шақырымды артта қалдырып, финишқа 250-ақ шақырым қалғанда мұндай шешімге келуі — күтпеген жағдай болды. Аттары жорықты жалғастыруға жарап тұрса да, жорықты тоқтатуы — атақ-абырой, жеңіс пен жүлдеден аттарының амандығын алдыңғы орынға қоятынын сездірді.
Бүгінде экс-чемпиондардың орнын Қостанай облысының командасы басты.
Енді Адай жылқысының абыройы 1300 шақырымды 1 атпен бағындыруды мақсат еткен «Рекорд» командасындағы маңғыстаулық шабандоздың мойнында. Бұдан бөлек командадан тыс 4 шабандоз белгіленген межені еңсеруге жалғыз жорытып барады.