«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ-2024»: ЕКІНШІ КҮННІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
24 августа, 2024«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ-2024»: ҮШІНШІ КҮННІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
25 августа, 2024Төртінші кезең жеңімпазы: Жетісу облысы
22 мамырда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің төртінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7.00-де 14 команда Ақмола облысының аумағындағы Торғай елді мекенінен Жолымбет елді мекеніне аттанды.
Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірлерінің өкілдерін біріктіретін спорт әлеміндегі ерекше оқиға қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр.
Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон 23 мамырда Астанада аяқталады.
Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің келесі 100 шақырымын бағындырып, төртінші кезеңнің мәресі Жолымбет елді-мекені маңында аяқталды.
Төртінші кезең қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды. Маңғыстау облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Алматы қаласының командасы үштікке ілікті.
100 км:
- Жетісу облысы — 07:20:07
- Маңғыстау облысы — 07:20:34
- Алматы қаласы — 07:28:46
- Жамбыл облысы — 07:29:12
- Астана қаласы — 07:34:25
- Қарағанды облысы — 08:04:49
- СҚО — 09:03:49
- Ұлытау облысы — 09:10:22
- Қостанай облысы — 09:52:36
- Абай облысы — 09:53:05
- Ақмола облысы — 10:08:18
- Түркістан облысы — 10:43:22
- «Рекорд» командасы.
400 км: ЖАЛПЫ НӘТИЖЕ
- Жетісу облысы — 27:01:13
- Маңғыстау облысы — 27:33:50
- Алматы қаласы — 28:00:24
- Жамбыл облысы — 29:13:59
- Астана қаласы — 30:43:01
- Қостанай облысы — 31:41:31
- Қарағанды облысы — 31:54:12
- СҚО — 34:12:56
- Ақмола облысы — 34:29:41
- Абай облысы — 36:22:21
- Түркістан облысы — 37:10:06
- Ұлытау облысы — 37:23:37
- «Рекорд» командасы.
Жеңімпаздардың марапаты: Алғашқы үш жеңімпаз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында 3-7 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық марафон-бәйгеге қатысуға лицензия алады. Халықаралық кезеңге шет мемлекеттерден кемінде 10 команда қатысады деп күтілуде (Түркия, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Венгрия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және т.б.).
Сараптамалық қорытынды: Марафон жұмысына 2 халықаралық және 3 қазақстандық судья, сондай-ақ 2 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қатысып, жоғары стандарттарды сақтау мен жылқылардың денсаулығына қамқорлық жасауға кепілдік береді.
Жобаның басты серіктесі: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы.
Қолдау көрсетушілер: «Аманат» партиясы, Павлодар облыстық әкімдігі, Қазақстан Республикасы спорт және туризм министрлігі.
Ақпараттық серіктестер: «Қазақстан», «Хабар», «Астана» телеарналары.
«Ұлы Дала Жорығы» – жылқы баласының ең мықты әрі төзімді тұқымы анықталатын далалық лабораториясы.
Марафон жаңалықтарын www.joryq.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілерде бақылаңыз: fb — JORYQ, Instagram — joryqofficial, Tik—Tok — JORYQ, youtube — JORYQ.
БАҚ-пен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл мәселелері бойынша + 7 777-214-01-71 нөмірі бойынша Рауан Есқалимен хабарласуларыңызды сұраймыз.
Құрметпен, «Ұлы дала жорығының» ұйымдастыру комитеті